Правила пользования
Курс ЦБ на 26.04 USD 444.22 up 0.37
EUR 476.38 up 2.08
RUB 4.82 up 0.02
26 апреля Пятница, 23:15
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Кітап пен аудиокітаптың арасында айырмашылық бар ма?»

Дата: 19.07.22 в 09:36
Мобильная версия Шрифт

Технологиялық прогрестің даму салдарынан дәстүрлі кітапті электронды оқып, аудиокітаптарды тыңдай аламыз. Қайсысы жақсы және пайдалы – оқу немесе тыңдау? Қазіргі заманғы технологиялар көптеген мүмкіндіктерді ұсынады, сондықтан ойөрісті дамыту және кеңейту үшін пайдалана алғанымыз жөн. Дегенмен, ең алдымен таңдауда өзіміздің қажеттіліктеріміз бен қалауларымызды басшылыққа алуымыз қажет. Егер қазақ тілінде аудио кітап тыңдау керек болса, онда adebiportal.kz порталынан қызықтырған әдебиетті табуыңызға болады.

 

Ақпаратты қалай оңай қабылдауға болады?

 

Психология ғылымында жеке адамның бірнеше тұрпаты бар. Негізінен адамдарды ақпаратты қабылдауына қарай үш топқа жіктеуге болады:

• аудиалдар, оларға көбінесе сыртқы әлемнен ақпаратты дыбыс арқылы қабылдау оңайырақ және мұндай адамдар музыканы тыңдағанды жақсы көреді; 

• визуалдар, олар әлемді көздерімен қабылдайды, мұндай адам ойланған кезде әдетте өзінің тұпсанасында суреттерді бейнелейді, сондай-ақ бұл адамдар сыртқы келбетке көңіл бөледі;

• кинестетиктер, олар үшін эмоционалды ақпарат өте маңызды, ақпаратты қимыл-қозғалыс, құшақтау арқылы қабылдайды.  

 

Тиісінше, егер сіз аудиалдарға жататын болсаңыз, онда кітапты тыңдау оңайырақ болып, көп нәрсені есте сақтай аласыз, ал егер сіз визуалдардың қатарында болсаңыз, онда баспа кітаптарының әдеттегі форматы сізге қолайлы болады. 

Ақпараттың мағынасын тану жылдамдығы

Кейбір адамдарда ақпаратты түсінудің жылдам әдісі ретінде оқу немесе тыңдау тиімді ме деген сауал туындауы мүмкін, бірақ бұл белгілі бір тұлғаға немесе материалдың күрделілігіне байланысты.

 

Зерттеушілер оқу, әдетте, тыңдаудан гөрі ақпаратты тезірек меңгеруге мүмкіндік беретінін анықтады.  Орташа ересек жастағы адам минутына 250-ден 300 сөзге дейін оқи алады, ал тиімді түсіну үшін сөйлеушінің сөйлеу жылдамдығы минутына 150-ден 160 сөзге дейін болады. Ақпаратты тыңдау барысында спикер түсініксіз сөйлеуі мүмкін, бұл мағынаны түсінуді қиындатады. Мұндай жағдайларда аудио транскрипцияны қолданған жөн. 

Источник: http://news.ivest.kz
Просмотров: 5871


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×