Мамандық таңдағанда адамдар кейін жұмыстың қаншалықты табыс әкелетіні жайлы ойланады. Жұмыс рухани ғана емес, материалдық тұрғыдан да адамға ұнауы тиіс. Today.kz Қазақстанда кім табысты көп табатынын, кім аз жалақыға өмір сүретінін анықтап көрді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебіне сәйкес, қазір еліміздегі қалыпты орташа жалақы 163 604 теңгені құрап отыр.
Сурет: polit.ru
Ауыл шаруашылық саласының мамандары орта есеппен 80 049 теңге алады. Білім бөлімінде жұмыс істейтін мамандар 95 484 теңге, денсаулық сақтау және медицина саласында нанын тауып жеп жүргендер 101 769 теңге табады.
Сурет: vatp.lv
Демек табысты көп табатындар мұнайшылар мен қаржыгерлер деген қорытындыға келеміз. Қаржылай жағынан жоғары бағаланатындар ішінде IT-саласының мамандары да бар.
Ал аз жалақы алатын мамандар ішіне дәрігерлер, мұғалімдер мен фермерлер кіреді.