Правила пользования
Курс ЦБ на 27.04 USD 443.35 up -0.87
EUR 475.54 up -0.84
RUB 4.82 up 0
27 апреля Суббота, 07:40
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Банктердің жағдайына ҚР Ұлттық банкі жауапты – Мәжіліс депутаты Азат Перуашев»

Дата: 19.09.18 в 18:01
Мобильная версия Шрифт

Халық қалаулылары Қазақстанның банк жүйесіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Today.kz

 ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәселе тек "Астана банкіне" қатысты емес деген пікірде. 

"Банк секторы түгелімен бірнеше қатысушыдан құралайын деп отыр. Орта және шағын банктердің бәрі түрлі себеппен құлдырап барады. Нақты "Астана банкіне" қатысты айтқым келмейді. Жалпы банк жүйесі қазіргі таңда жансыз. 2007 жылға дейін банктер сыртқы нарықтан қаржы алатын және ол қаражат экономиканы қаржыландыру мен бизнесті несиелеу жұмыстарына жұмсалатын. Бүгінде олар мемлекеттің ақшасын алады. Бұл ақшаны экономикаға салмайды да. Ол қаражатқа мемлекеттік бағалы қағаздарды алады. Бағалы қағаздан түсетін пайызға күн көреді. Яғни мемлекеттен алған қаржының өзі экономикаға түспейді, бизнеске жұмсалмайды, қосымша қаржы әкелмейді", – деді Перуашев. 

Оның сөзінше, банктер экономиканың өзегі болудан қалған. Мәселені Ұлттық банк шешу керектігін қоса айтты депутат. 

"Бұл сұрақ құзіретті органға бағытталады. Бұл жағдайға ҚР Ұлттық банкі жауап беруі тиіс деп ойлаймын. 2007 жылға дейін Ұлттық банк пен қаржы қадағалау агенттігі бөлек жұмыс істеді, кейін оны Ұлттық банктің құрылымына қосып жіберді. Біз бұл құрылым өз жұмысын атқара алмай жатқанын көріп отырмыз", – деді ол. 

Перуашев қаржы қадағалау агенттігін Ұлттық банктің құрамынан қайтадан шығару керек деп есептейді. 

Естеріңізге салайық, ҚР Ұлттық банкі "Астана банкін" лизенциясынан айырған болатын. 

Просмотров: 396


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×