Правила пользования
Курс ЦБ на 27.04 USD 443.35 up -0.87
EUR 475.54 up -0.84
RUB 4.82 up 0
27 апреля Суббота, 00:33
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«ҚР-да ет пен сүт шаруашылығын көбейту үшін жаңа отбасылық ферма ұйымдастырылады»

Дата: 19.06.18 в 18:01
Мобильная версия Шрифт

Қазақстанда ет шаруашылығын дамыту үшін отбасылық шағын ферма ұйымдастырылады. Жоба қатысушылары жер бөлу, мал мен техника сатып алуға несие беру сияқты мүмкіндіктерге ие болады. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі Арман Евниев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Today.kz. 

"Алдағы он жылда ірі қара мал, қой және жылқы шаруашылығымен айланысатын 80 мыңнан астам отбасылық ферма құру, пайдаланылатын жайылымдар алаңын 58 миллион гектардан 100 миллион гектарға кеңейту, ірі қара малды 15 миллион басқа дейін, ал қой санын 30 миллион басқа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Жобаға қатысушылар үшін көптеген қолдау шарттары көзделетін болады, олар: жер учаскелерін бөлуде басымдық беру, фермерлік шаруашылықтарға мал басын, техника мен жабдық сатып алуға жеңілдікпен (15 жылға 4 пайызбен) несие беру, жайылымдарды суландыру үшін 80 пайыздық субсидия беру сияқты шаралар қарастырылған", – деді Евниев. 

Вице-министр сүт шаруашылығы да осындай ережемен жасалатынын айтты. 

"Сүт шаруашылығы бағдарламасы да отбасылық фермалардан, өнеркәсіптік сүт-тауарлы шаруашылықтардан және заманға сай сүт зауыттарынан тұратын біріккен кооперация қағидаты бойынша жасалады. Біз отбасылық фермалардың санын 380-нен 930-ға дейін, ірі сүт-тауарлы фермалардың санын 108-ден 170-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жобаға қатысушылар үшін қолдаудың жекелеген шаралары ұсынылатын болады. Нәтижесінде сүт өндірісінің көлемін 1 миллион тоннаға ұлғайту міндеті қойылып отыр", – деді спикер. 

Просмотров: 384


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×