Правила пользования
Курс ЦБ на 27.04 USD 443.35 up -0.87
EUR 475.54 up -0.84
RUB 4.82 up 0
27 апреля Суббота, 10:12
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан кетеді»

Дата: 20.10.16 в 11:57
Мобильная версия Шрифт

Қазақстанда мектеп оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілген. Ол бұрыннан бар, бұл бірінші бұйрық емес. Ол туралы барлық білім беру департаменттері мен бөлімшелеріне айтылды. Біз мектептерде ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Бірақ бұл талап жергілікті жерлерде бұзылып жатады», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы бұйрықты бұзған қызметкерлерге қатаң жаза қолданылады. Тіпті жұмыстан шығаруға дейін баруы мүмкін.

«Біз барлық оқиғаларға қатаң шаралар қолданып келеміз. Оны жіті бақылап, ата-аналармен бірге ақша жинауға мүлдем қарсы екенімізді білдіреміз. Мектепте оқушылардың ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы министр бұйрығы барлық облыстың, Астана мен Алматы қалаларының білім беру департаменттеріне жолданған. Ақша жинауға жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығаруға дейін барамыз», — деді Эльмира Суханбердиева.

Просмотров: 867


Комментариев: 2
Серик 21.10.16 в 16:55

Родителям тоже необходимо подключаться. Не отдавать деньги по первому требованию, а разъяснять этому учителю, что он не прав, или сразу сообщать директору или в отдел образования.

Гаухар 21.10.16 в 17:16

Образование у нас бесплатное и средств школам выделяется достаточно. Поэтому не идите на поводу у тех, кто собирает деньги, это происходит только с молчаливой поддержки самих родителей.

О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×