Правила пользования
Курс ЦБ на 29.03 USD 448.15 up -1.43
EUR 483.46 up -3.48
RUB 4.86 up 0
29 марта Пятница, 06:13
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және ашаршылық»

Дата: 22.07.22 в 17:17
Мобильная версия Шрифт

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстанда ашаршылық орын алды. Ашаршылық туралы, 1932 жылғы шілдедегі апаттың себептері туралы қоғам қайраткерлері ВКП(б) өлкелік комитетіне, Ф. И. Голощекиннің жеке өзіне хат жазған. Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлерінің «бесеудің хаты» халық тарихында мәңгіге із қалдырды. Негізгі тарихи сәттерді және толық ақпаратты e-history.kz порталынан оқи аласыздар, сондай-ақ бесеудің хаты эссе жазуға және халықтың тарихы туралы толығырақ білуге арналған мағлұматты табуыңызға болады. 

 

Ашаршылық құрбандарының сұрауы

1932 жылдың шілдесінде Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетғалиев, Е. Алтынбеков, К. Қуанышев Сталиннің атына хат жазғаны белгілі, хатта мына мәселелер қамтылған:

 

• лениндік еріктілік принципінің бұзылуы;

• ауыл ерекшеліктерін ескерілмеуі;

• орташалар мен байлардың жойылғандығы.

Хат авторлары партиядан шығарылу және қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төнді. Бұл хат көмек сипатындағы билік органдарына түскен алғашқы құжат болмағанымен, бірақ маңызды әлеуметтік мәртебеге ие коммунистерден келген алғашқы хат болды.  

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның қайғылы салдары

Қазақстандағы ашаршылық Украина мен Ресейден бір жыл бұрын, 1930 жылдың қысында басталды. 1931-1933 жылдары қазақтардың Орталық Азияға ғана емес, Қытайға да жаппай көшуі басталды. Қазақтар мал басының 90% жоғалтып, қоныстануға мәжбүр болды. Бұл тек өмір салтын ғана емес, сонымен қатар азық-түлікпен жабдықтау жүйесін де жаппай жойылуына әкелді, өйткені қазақтар үшін жалғыз тамақ көзі мал болды, себебі табиғи-климаттық жағдайлар егіншілікпен тамақтануға мүмкіндік бермеді.

 

1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанда колхозшылардың 87%  және жеке шаруалардың 51,8%  малынан толықтай айырылды. Қазақстанда өткен қорқынышты ашаршылық кезінде демографиялық үдерісін қатты өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге 1930-1934 жылдары туған, тарихтың осы сыни және қиын кезеңдерін ерте балалық шақта басынан өткерген ұрпақ санының тапшылығы айқын байқалатын қазақ халқының қазіргі құрылымында терең із қалдырды.

 

Источник: http://news.ivest.kz
Просмотров: 5497


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×