Правила пользования

«Оққа ұшқан саясаткер Борис Немцовты наурыздың 3-і күні жерлейді»

Дата: 01.03.15 в 09:45
Мобильная версия Шрифт
Қастандық құрбаны болған ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі сейсенбі, наурыздың 3-і күні Мәскеудегі Сахаров орталығында өтеді.

Оққа ұшқан саясаткер Борис Немцовты наурыздың 3-і күні жерлейді
Қаралы рәсім таңертеңгі сағат 10-да басталады. Марқұм сол күні Мәскеудегі Троекуров зиратына жерленеді. Кеше таңнан бері Мәскеу Кремлі маңындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге жұрт толассыз келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

55 жастағы Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірді.

Тергеушілер бұл қылмысқа байланысты жасап отырған бірнеше болжамның арасында "елдегі саяси жағдайдың шырқын бұзуды көздейтін арандату" деген долбар да бар. Бүгін, наурыздың 1-і күні Мәскеуде Борис Немцовты еске алуға арналған қаралы шеру өтеді.

Оппозиция өкілдері бұған дейін өткізу жоспарланған "Весна" қарсылық шеруінің орнына Борис Немцовты еске алу акциясын өткізуді ұйғарып, қала билігінің келісімін алған.


Источник: http://news.nur.kz/357510.html
Просмотров: 61


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2018 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru