Правила пользования

«Астана тұрғынының қымбат көлігі көше ортасында тәркіленді»

Дата: 16.01.15 в 08:50
Мобильная версия Шрифт
Мемлекетке жарты миллион теңге салығын төлемеген астаналық тұрғынның көлігі көше ортасында тәркіленді. Шетелдік қымбат джипті тақымдаған ол салық мекемесінің ескертуіне екі жыл бойы құлақ аспай келген деп хабарлайды КТК арнасы.

Астана тұрғынының қымбат көлігі көше ортасында тәркіленді

"Ниссан Патроль"-дің құны шамамен 18 миллион теңге. Осыншама ақшаға қымбат джип сатып алған жігіт ағасы 491 мың теңге салықты төлей алмай жүр екен.

Жаны қысылған жүргізуші 3 жылда елде болмап едім деп ақталып бақты. Бірақ бұл сот орындаушыларын иландыра алған жоқ. Даңғарадай көлікті айып тұрағына айдап әкетті.

Енді санын соғып қалған азамат салығын төлеген жағдайда ғана, қымбат көлігін қайтара алады. Дәл осындай салықтан жалтарған жүргізушілердің саны Астанада 4 мыңға жеткен.

Олардың мемлекет алдындағы қарызы 355 миллион теңгені құрап отыр.


Источник: http://news.nur.kz/349902.html
Просмотров: 84


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2018 «Информ Вест»