Правила пользования

«Ауғанстан президенті шет елдерге тым үлкен делегациямен шығатыны үшін сыналды»

Дата: 16.11.14 в 20:22
Мобильная версия Шрифт
Ауғанстан парламентінің бірнеше мүшесі мен азаматтық қоғамының белсенділері ел президенті Ашраф Ғани Ахмадзайды шетелге жасаған сапарлары барысында өзінің делегациясының құрамына жүзден астам адамды алатыны үшін сынады. Ауғанстан президенті шет елдерге тым үлкен делегациямен шығатыны үшін сыналдыАшраф Ғани Ахмадзай

Жекелей алғанда, олар ақпарат құралдарына Ауғанстан көшбасшысының Қытайға таяуда жасаған сапарының барысында ауған делегациясының тобы 100-ден астам адамнан тұрғанын хабарлаған болатын. Ашраф Ғани Ахмадзайдың таяуда Пәкістанға жасайтын сапарына жүзден астам ауған өкілдері қатысады.

Парламент депутаты Райхана Азад ауған делегациясы мүшелерінің көбі шетелге дүкен аралап, көңіл көтеруге шығатынын атап өтті.

"Бұл сапарларға баруы маңызды адамдар ғана атсалысуы керек, - деп атап кетті депутат. - Пайдасы жоқ тұлғалардың сапарға шығуы тиімді болып табылмайды, ол бюджетке жүк түсіреді", - деп санайды азаматтық белсенді Ахмад Саиди.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзай қызметіне 2014 жылдың 29 қырүйегінде кіріскен. Өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде ол ұлттық бірліктің үкіметі Ауғанстанның саяси және экономикалық жүйелерінің ауқымды реформаларын жүргізу үшін нақты шараларды қолға алатынын айтқан еді.

"Мен Ауғанстанның бейбітшілігі, ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттілігі, мемлекеттік басқару мен экономикалық дамудағы шынайылығы үшін бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Барлық артық және тиімсіз жұмыс істейтін мемлекеттік органдар алдағы уақытта қысқарады", - деген еді ол.


Источник: http://news.nur.kz/340714.html
Просмотров: 71


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2018 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru