Правила пользования

«Ақтөбеде қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктерге ілінді»

Дата: 09.05.14 в 10:33
Мобильная версия Шрифт
Источник: Nur.kz

Ақтөбеде Жеңіс күні қарсаңында соғысқа қатысқан қазақ батырларының суреттері қоғамдық көліктердің ішіне іліне бастады. Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды майдангерлердің портреттерімен қатар, олар жайлы қысқаша анықтама да берілген.Алия Молдагулова. Фото с сайта wikipedia.org

Автопарк ұжымының мұндай қадамға баруына жастар арасында батыр майдангерлерді танымайтындар қатарының көбеюі себеп болса керек. Әсіресе, Ақтөбе өңірінен шыққан Кеңес Одағының батырларының барлығын дерлік қамтуды жөн санапты, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Әлия Молдағұловадан бастап, жиырмаға тарта осы аймақтың тумаларының өмірдеректерін тапқан. Тіпті, тары егіп рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевті де ұмытпапты. Себебі, ол тылдағы ерен еңбегімен еленіп, майданға мыңдаған тонна тары жөнелткен болатын.

Автопарк қызметкері Серік Төлеубаевтың айтуынша, оның кейбір әріптестері, замандастары Талғат Бегелдиновтың әлі күнге дейін көзі тірі екенін білмейді. Қанша айтқанымен қазақстандықтар өз жауынгерлерін жақсы білуі тиіс.


Источник: КТК арнасы
Источник: http://news.nur.kz/312842.html
Просмотров: 3235


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2018 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru