Правила пользования

«Министрлік: Балқаш - АЭС салуға ең қолайлы жер»

Дата: 23.04.14 в 14:00
Мобильная версия Шрифт
Қазақстанда атом электр станциясын салуға ең ыңғайлы орын Балқаш көліне жақын Үлкен ауылының маңы болып отыр.

Бұл туралы бүгін индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов мәлімдеді.

"Қазақстан-МАГАТЭ: Атом энергетикасы инфрақұрылымының дамуы" атты семинарда сөйлеген Шәріпов бұған дейін АЭС-ті Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы мен Ақтау қаласы маңдарында салу мүмкіндіктері қарастырылғанын да айтты.

Балқаш көлі жанындағы Үлкен ауылы электр қуаты тапшы аймақта орналасқандықтан және мұнда станцияның электр қуатын тарататын дамыған желілері болғандықтан АЭС салуға ең қолайлы жер деп саналады.

Шәріповтің айтуынша, АЭС салатын орынды таңдағанда тек аймақтың энергетикалық балансы ғана емес, оған қоса электр қуатын тасымалдау мүмкіндіктері және басқа да факторлар назарға алынған.


Источник: Азаттық
Источник: http://news.nur.kz/311110.html
Просмотров: 479


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2019 «Информ Вест»