Правила пользования
Петропавловск
26°C
З 7 м/c
Курс ЦБ на 20.09 USD 340.95 up 0.93
EUR 408.73 up 2.47
RUR 5.87 up -0.03
20 сентября Среда, 18:59
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Денесін қабыршақ басқан қызылордалық бүлдіршін дертінен толық айықпайды»

Дата: 17.04.14 в 08:00
Мобильная версия Шрифт
Ихтиоз дертіне шалдыққан қызылордалық бүлдіршін науқасынан толық айығып кетпейді. Жасұланға ем жасап жатқан алматылық дәрігерлер осылай мәлімдеді.

Бес жастағы ұлының дертімен жалғыз арпалысып жүрген Ұлбибі Ықыласованың шетелге баруға ықыласты екені бұдан бұрын хабарланған. Қазір Әзірбайжанға барып шипа іздеуге қажетті сомма да жиналған. Бірақ қазақстандық мамандар мұның бос әурешілік екенін айтумен шектеліп отыр.

Тері аурулары бойынша отандық ғылыми зерттеу институтының профессоры, бұл аурудың сирек екенін мойындап отыр. Жасұланға жабысқан дерттің шипасынан әуресі көп. Әсіресе күн жылынған кезде бала денсаулығына қауіп күшейеді.

"Ал ойын баласын ылғи үйде қамап ұстау мүмкін емес", - дейді анасы. Күн жылынып, қатты ысығанда, жағдайы нашарлайды. Оған дейін үйде де жақсымыз. Бірақ көп шығарғым келмейді. Құрғап кетсе, іріп кетеді", - Жасұланның анасы.

Жасұланның дерті жайында қоғамдық пікір күшейген соң, ата-анасы Алматыдағы ауруханаға жеткізген. Бүлдіршін осыған дейін республикалық тері аурулары институтында бір рет ем қабылдаған. Нәтиже болмаған соң, отбасы шетелдік клиникаларға хабарласады. Израиль қомақты қаражат талап етсе, жақынырақ орналасқан Әзірбайжан 1,5 млн теңгеге емдейміз деп үміттендірген.

Ұлбибі Ықыласовагың айтуынша, бұл дерт барып келгенмен, қайта шығатын ауру. Ананың үміті - кішкене жеңілдей ме, ұзақ уақыт шықпай тұра ма деген ниетпен барғысы келеді. Науқасқа жылына бір рет барып келіп емделу қажет.

Құрсағын жарып шыққан сәбидің дерті жанына батқан ана ем іздеуден жалықпақ емес. Жерлестері де Бакуге бару үшін қажетті сомманы жинап берген. Енді Алматыдағы институттың көмегімен қажетті сараптамалар қорытындысы жасалады. Сосын сапар күтіп тұр.

"Әке-ана бір жерге апарсам, жақсы болар деп үміттенеді. Бірақ ол уақытша ғана тазаланады. Сосын қайтадан шығады. Өзі денесін таза ұстамаса, шыға береді. Біздің планетада оны әлі ешкім емдей алған жоқ", - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Есенғараева.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі де ерекше науқастың жағдайынан хабардар екен. Министрдің пікірінше, қолдан келетіні - білікті клиникаларда емделуге тегін жолдама беру ғана. Бірақ квота алу үшін тиісті құжаттар рәсімделуі қажет.

"Біз бұл туралы ақпаратты арнайы алдыртып, таныстық. Мұндай науқастар саны балалар арасында 200-ден асады. Олар барлық аймақтарда кездеседі. Егер қызылордалық баланың ата-анасы өтінішін жолдаса, біз көмектесеміз. Бірақ бұл отбасы бізден квота сұраған емес", - деді Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Венеролог дәрігерлер Қазақстанда ихтиозға шалдыққан 475 адам тіркелгенін айтады. Тек Қызылорда облысының өзінде 46 науқас бар. Айтуларынша Жасұланға оның ең ауыр түрі жабысқан. Денені қаулап кеткен қабыршықтан бүлдіршінді арашалап алу үшін отбасы күресе бермек.


Источник: Астана телеарнасы
Источник: http://news.nur.kz/310256.html
Просмотров: 1193


Комментариев: 0
Написать комментарий:
Online транслитератор - перевод текста из латиницы в кириллицу.
Напечатать что-либо русскими буквами не проблема!
Отправить комментарий        Предварительный просмотр       
Нажимая на кнопку «Отправить комментарий», вы соглашаетесь с правилами комментирования
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2017 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru