KASE-нің күндізгі сессиясында доллар курсы 355,12 теңгені құрады. Сауда көлемі 102,2 миллион АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Today.kz қазақстандық қор биржасына сілтеме жасап.
KASE-нің таңғы және күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар курсының орташа бағамы 354,12 теңге болды, сауда көлемі 186,2 миллион доллар.
Brent маркілі мұнай бағасы Астана уақыты бойынша 16:03-те барреліне 80,07 доллар болды.