Правила пользования
Курс ЦБ на 19.04 USD 447.4 up -1.49
EUR 477.55 up -0.38
RUB 4.76 up 0
19 апреля Пятница, 15:27
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«ҚР Ұлттық Банкі "Астана Банкін" лицензиясынан айырды»

Дата: 19.09.18 в 12:01
Мобильная версия Шрифт

ҚР Ұлттық Банкі "Астана Банкіне" уақытша әкімшілік тағайындады, деп хабарлайды Today.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 214 қаулысына сәйкес "Астана Банкі" АҚ-ты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының в), г) және м-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет), пруденциялық нормативтерді және (немесе) орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2015 жылғы 20 сәуірде берген № 1.1.32 лицензиядан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада. 

Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (1%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. 

Банктің уақытша әкімшілігі өз қызметін Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады. 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап тоқтатылды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап Банкті ұстауға жұмсалған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылады. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, соған байланысты депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады. 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкімшіліктің басшысы Джемма Мұхамбетқызы Зинуллинаға +7 (727) 259-60-60 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

Просмотров: 310


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×