Америкалық валютаның курсы бір күннің ішінде екі теңгеге өсіп, қазақстандық қор биржасында таңғы сессия қорытындысы бойынша 371,8 теңгені құрады, деп хабарлайды Today.kz.
Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Евроның орташа бағамы 433 теңге, рубль 5,468 теңгеге сатылса, қытай юані 54,2829 теңгеге бағаланды.