Спот-нарық саудасының нәтижесі бойынша доллар курсының орташа бағамы KASE-нің таңғы сессиясында 359,46 теңгені құрады, ол 1,41 теңгеге арзандаған, деп хабарлайды Today.kz.
Ресей рублі бойынша Т+0 есебінде келіссөз жасалмады. Сессия жабылған уақытта 1 рубль 5,385 теңгеге тең болды, ұсыныс – рубліне 5,39 теңге.
Юань курсы: сұраныс – бірлігіне 52,3 теңге, ұсыныс – 52,37 теңге.
Естеріңізге салайық, 16 тамызда доллар курсы сауда нәтижесі бойынша 360,87 теңгені құраған еді.