Қазақстандық қор биржасының күндізгі саудасының нәтижесі бойынша, АҚШ доллары өсті, деп хабарлайды Today.kz KASE ақпаратына сілтеме жасап.
Күндізгі сессия саудасына 22 банк қатысқан.
Спот-нарық саудасының қорытындысына сәйкес, АҚШ долларының орташа бағамы 344,52 теңгені құрады, сауда көлемі 87 400 мың доллар болды.
Евро 403 теңгеге бағаланды, сауда көлемі – 100 мың евро.
Ресей рублінің орташа бағамы 5,53 теңге болды, сауда көлемі – 20 000 мың рубль.