Правила пользования
Курс ЦБ на 19.04 USD 447.4 up -1.49
EUR 477.55 up -0.38
RUB 4.76 up 0
19 апреля Пятница, 22:33
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Kcell акциясының сатылуы абоненттердің қалтасына салмақ сала ма»

Дата: 12.07.18 в 18:02
Мобильная версия Шрифт

"Қазақтелеком" АҚ-ның "Kcell" АҚ дауыс беретін акцияларының 75%-ын сатып алуы мүмкін деген жаңалықтан соң, қазақстандықтар "бұның соңы неге әкеледі" деп алаңдап қалды. Today.kz редакциясы бұл туралы Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының басшысынан сұрады. 

Әлеуметтік желі қолданушылары "қызмет қымбаттап, сапа төмендей ме" деп қорқады. Кейбіреулер Қазақстандағы ұялы байланысты "жерлеп" үлгерген. Әзірге ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ, бұл жаңалықтың нарыққа қалай әсер ететінін ешкім дөп басып айта алмайды, бірақ ұлттық экономика министрлігі қорқатын ештеңе жоқ деп отыр. 

Абоненттер үшін не өзгереді?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ештеңе өзгермейді. Қызмет құны өзгермеуі тиіс. Бірақ "Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының" басқарма төрайымы Светлана Романовская бұл жаңалық қазақстандықтардың қалтасын қағып түсетінін айтты. 

"Бізде монополистер көп болғанына жалпы қарсымын. Олар тұтынушыларға өздеріне тиімді қызметті таңатын болады. Мемлекеттік бақылаудан пайда болады десе де, бұның кім-кімді де сындырып тастайтын алып машина екенін түсініп отырмыз. Бұның сапаға қалай әсер ететінін әзірге білмеймін, бірақ тариф құны, интернет, байланыс қымбаттайды", – деді Романовская. 

Оның сөзінше, Қазақстандағы ұялы байланыстың кемшіліктері бар. 

"Ұялы байланыс сапасына байланысты көп арыз түседі. Хабарласу мүмкін емес екенін, Интернет сапасының төмендігін айтады. Тек Kcell-ге ғана емес, Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторына шағымданып жатады. Жарнамада көрсетілетін қызмет көлемін расымен сапалы түрде ұсынатын мінсіз оператор жоқ бізде. Бізді көбіне адастырып жібереді", – деді тұтынушылар лигасының басшысы. 

"Kcell" АҚ-ның тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін, шарт ретінде тәуелсіз менеджментпен жеке басқаруды жүргізуі көзделген, яғни акционер "Kcell" АҚ-ның жаңа менеджментпен кәсіпкерлік қызметті жүргізуін анықтай алмайды. Көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасы мен құнын сақтау мақсатында ұялы байланыс нарығындағы басқа да қатысушылармен қолданыстағы инфрақұрылымды бірлесе дамыту шарттарын сақтау нұсқама етілді. Осы шарттар "Қазақтелеком" АҚ тарапынан мәміле жасау кезінде орындалуға міндетті. Келіссөз аяқталған соң үш жылдың ішінде қазіргі тарифтік жоспарды сақтап, абоненттер үшін қосымша қызметтер ұсынуы керек, ауылдық жерге 4G интернетін жеткізуі тиіс.

Ұлттық экономика министрлігі осы шарттар бұзылған жағдайда, монополияға қарсы комитеттің шешімі қайта қаралатынын айтты. Біз Kcell АҚ акциясында кімдердің үлесі бар екенін жазған едік

Просмотров: 411


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×