Правила пользования
Курс ЦБ на 24.04 USD 444.32 up -1.34
EUR 473.33 up -1.25
RUB 4.76 up -0.02
24 апреля Среда, 14:37
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Астанада "Қазпоштаның" жаңа кеңсесі ашылды: бұндай елімізде бұрын-соңды болмаған»

Дата: 04.07.18 в 18:02
Мобильная версия Шрифт

Астанада "Қазпоштаның" роботизацияланған жаңа кеңсесі ашылды. Кеңседен көрінген жаңа технологияларды Today.kz тілшісі де тамашалап қайтты. 

Жаңа кеңсе "ЭКСПО" кешенінің аумағында орналасқан. Ол жерде инвесторлар мен стартаперлердің шоғырланған мекені халықаралық "Астана" қаржы орталығы, IT-hub жұмыс істейтін болады. Бір сөзбен айтқанда, осынау кеңсе таптырмас орыннан бой көтерген. 

"Бұл қызмет сапасын көтеріп, осы жерде орналасатын түрлі шетелдік компаниялар арасында "Қазпошта" жайлы пікірді жоғарылатуға септігін тигізеді", – деді Kazpost IT-инфрақұрылымының атқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев. 

Фото -

"Бұл – біз ашқан бесінші кеңсе. Төрт кеңсемізді аштық, бұл – робопост-кеңселер арасындағы ең жаңашылы. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша сегіз кеңсе ашылады, біз азаматтарымыздың қызығушылығын бақылайтын боламыз, бизнеске қалай әсер ететінін зерттейміз. Егер осы жоба сәтті жүрсе, еліміздің әр қаласынан осындай кеңсе ашамыз", – деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. 

Оның сөзінше, осындай бөлімшелерге адамдар көп келетін болды. 

"Алғашқы кеңсемізді ашқанымызда бастапқы айларда адам өте аз келді. Бірақ уақыт өте келе, мысалы, Астана мен Алматыдағы осындай кеңсемізге күніне 150 адам келіп, қызметімізді пайдаланып кетеді. Дамып жатыр деп айтуға болады. Astana IT Hub, халықаралық қаржы орталығы ашылған соң осы жерге адам көп келеді деп ойлаймын", – деді Сәрсенов. 

Роботизацияланған кеңселерде стандартты кеңсеге қарағанда кез келген қызметті екі есе көп жылдамдықпен алуға болады. 

"Осы жерден кез келген азамат өз қызметін 2-3 минуттың ішінде ала алады. Стандартты бөлімшеде адами фактор бар. Егер ол жерде 7-8 минут ішінде қызмет ұсынылса, мына жерде қызмет көрсету уақыты екі есеге қысқарған", – деді "Қазпошта" басшысы. 

Оның сөзінше, бұндай кеңсенің әлемде аналогы жоқ

Келушілердің назарын аударатын зат – кішкентай, сүйкімді робот Pepper, ол кеңесші қызметін атқарады. Pepper әзірге оқып-жаттығып жатыр, бірақ қазір Қазақстан президентінің есімін, елорданың атын біледі, қал-жағдайының қандай екенін айта алады, Қара Жорға да билейді, бірақ таныстырылым кезінде билеуге ұялды. Бұл роботты қазақстандық өнертапқыштар жасаған. Оларға Франция мен Жапонияда тұратын әріптестері көмектескен. 

Роботты "Қазпошта" тегін алған. 

"Бұл робот бізге тегін келді, сатып алған жоқпыз. Пилотты жоба аясында ол технологияның дамуы үшін жеткізілді. Серіктестеріміз қазақстандықтар, бірақ олардың Жапония мен Францияда әріптестері бар", – деді Бақтияр Мұхаметқалиев. 

Фото -
Аталған роботтан бөлек, кеңседе жасы үлкендеу тағы бір робот жұмыс істейді, оның аты – Қуаныш. Қуаныш орыс және ағылшын тілдерін біледі. 
Фото -

Ақылды көлік – гибридті банкоматты да осы жерден табуға болады. 

"Гибридті банкомат кеңсеміздің жүрегі, бұндай құрылғы Қазақстанға алғаш рет жеткізіліп отыр. Бұл – жаңа форматтағы банкомат. Қарапайым банкоматтардан кәдімгі jpg суреттерді, қолма-қол ақша беру қызметтерін көруге болады, ал бұл банкоматта post.kz интернет банкингі бар, ол арқылы сәлемдеменің тұрған жерін анықтап, қызметтерді төлеуге болады. Төлемді карточкамен де, қолма-қол ақшамен де жүргізеді. 

Біз бұған ұзақ уақыттан соң жетіп отырмыз, елімізде алғаш рет клиенттер биометрикалық деректері бойынша ақша шешуге мүмкіндік алды

Ол Face ID мен Finger Print арқылы физикалық картаның көмегінсіз ақша шешіп береді. Терминал ақша беру үшін тіркеуден өтіп, "Қазпошта" карточкасын алу керек, басқа картамен жұмыс істемейді", – деді ол. 

Басында карточканы әкеліп, банкоматқа салу керек, телефон нөмірді жазу керек. Аппарат адамның бетін суретке түсіріп алады, сосын саусақты қояды, бұл арқылы банкомат адамның бетін жаттап алады. Сосын коды бар SMS келеді, оны банкоматқа жазасыз. Осылайша адам жүйеге тіркеліп, ақшаны карточкасыз шешуге мүмкіндік алады. 

"Келесі кезең осы технологияны бүкіл ел бойынша тарату, әзірге бұл – жалғыз экземпляр", – деді бізбен әңгімелесуші. 

Егер клиентте карта болмаса, ол осы гибридті банкомат арқылы 4-8 минуттың ішінде картаны жасатып алса болады. 

Фото -

Кеңседе киімді басып шығаратын принтер де бар болып шықты. Кез келген матадан тігілген киімді алып, бір-екі сағаттың ішінде басып шығара аласыз. Әзірге принтер мойынорағыш басып шықты. 

Фото -

Виртуалды шындық көзілдірігін тағып алып, Лондонға, Нью-Йоркке, Парижге барып келуге болады. Кез келген қалада тұрып, клиент "Қазпошта" қызметін пайдалана алады. 

Фото -
Кеңседен селфи-дрондарды да көзіміз шалды. Ол суретке түсіріп, оны поштаға немесе мессенджер арқылы жіберу мүмкіндігіне ие. 
Фото -

Одан бөлек, "Қазпошта" бөлімшесінен ХҚО-ның 13 түрлі анықтамасын алуға болады. Видеобайланыстың көмегімен кеңесшіге сұрақ қоя аласыз. 

"Қазпоштаның" мәліметінше, әр адам туралы барлық дерек қорғалады. 

Просмотров: 693


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×