Правила пользования
Курс ЦБ на 20.04 USD 446.49 up -0.91
EUR 475.38 up -2.17
RUB 4.79 up 0.03
20 апреля Суббота, 06:43
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Қостанайлық мұғалім "ақылды" киіз үй жасады»

Дата: 21.04.18 в 12:00
Мобильная версия Шрифт

Қостайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің оқытушысы, робот техникасы бойынша Қазақстан құрамасының бапкері Александр Шерцер жақында Қостанайда өткен робот техникасы фестивалінде өзі жасаған "ақылды" киіз үйін таныстырды, деп хабарлайды Today.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ол кәдімгі қазақы киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынады. Тіпті, қазіргі уақытта бағдарламаны облыс орталығынан алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр.

Мұндағы басты ерекшелік - киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Қаржы мәселесі шешілсе, жаңа жобаны әрі қарай өрістетуге болады. 

"Ақылды" киіз үйдің алғашқы нұсқасы дайын. Мұны жасауға аз уақыт кеткен жоқ. Алдымен, киіз үйге күн батареялары орнатылады. Сол арқылы киіз үйге электр желісі тартылады. Ал тоқ күшін ұялы телефондағы Bluetooth қондырғы арқылы азайтып-көбейтуге болады. Мұның бәрі компьютер тілінде Arduino IDE (C++), AppInventor деп аталатын бағдарламалар арқылы жасалды. Киіз үйді мобильді қосымшаға кіріп, басқаруға болады. Оның "ақылды" есігі бар. Ол арнайы датчиктер арқылы ашылады", – дейді оқытушы. 

Фото -

Просмотров: 1331


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×