Правила пользования
Курс ЦБ на 19.04 USD 447.4 up -1.49
EUR 477.55 up -0.38
RUB 4.76 up 0
19 апреля Пятница, 06:26
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Әлемде жылына шатырдағы мұздан шамамен 1 700 адам қаза табады – жас ғалымдар»

Дата: 13.04.18 в 12:00
Мобильная версия Шрифт

Қазақстандық жоғары оқу орнының білім грантынан үмітті тәжікстандық жас ғалымдар үйдің шатырына жиналатын мұздан сақтану жүйесін ойлап тапты. Олар өздерінің жаңа ғылыми жобасын Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел университетінде өтіп жатқан "Infomatrix 2018" Халықаралық компьютерлік жобалар сайына алып келді, деп хабарлайды Today.kz.

Тәжікстанның Данғара ауылынан шыққан 8 сыныпта оқитын Мухомад Саидов пен 10 сынып оқушысы Комрон Сафаров ойлап тапқан жаңа технология "Secure house" (Қауіпсіз үй) деп аталады. Олар бұл технологияны 2 ай ішінде дайындаған.

"Әлемде 1 жылда шатырдағы мұздан шамамен 1 700 адам қайтыс болатыны бізге статистикадан белгілі. Сондықтан біз осы жобаны жасадық. Бұл технологияны адамдар бастарына түсетін мұздан қайтыс болмаса екен деген тілекпен ойлап таптық. Егер шатырды 1 мен 5 градус аралығында жылы ұстайтын болсақ, шатырға қар жиналмайды. Бәрі еріп кетеді. Содан кейін қар да мұзға айналмайды. Бұл адам өміріне қауіпсіз әрі оқыс оқиғалардың алдын алады. Сондықтан біз технологиямызда шатырдың астыңғы бөлігіне жылы еден жүйесін қолдануды ұсынып отырмыз", – дейді жас өнертапқыш Мухомад Саидов.

Ал Комрон Сафаров өздері құрастырған дабыл жүйесі туралы айтып берді.

"Үй қауіпсіз болуы үшін дабыл жүйесін де ойластырдық. Ұрылар қабырға арқылы өрмелеп, артқы есіктер мен терезелер арқылы үйге кіреді ғой. Сондықтан осы дабыл жүйесін айтылған жерлерге орнату керек. Қабырғаға, есік, терезеге 25 келіден көп салмақ түссе дабыл ойнайды. Неге 25 келіден көп? Зерттеу жүргізу кезінде адамдар 10 жастан бастап ұрлыққа баратынын анықтадық. Ал 10 жастағы баланың салмағы кем дегенде 25 келі не одан да көп болары сөзсіз", – деді оқушы.

Мухомад Саидов пен Комрон Сафаров еліміздегі жоғары оқу орнына қатты қызығушылық танытып отыр. Басты мақсаттары да еліміздегі жоғары оқу орнының білім грантына ие болу. Өйткені олар өздері оқитын мектептен шет елге шығып, үлкен бәсекеге қатысып отырған алғашқы оқушылар екен. Тіпті, басында Қазақстандағы  халықаралық компьютерлік жобалар сайысына қатысамыз дегенде мектеп басшысы мүлдем сенбеген көрінеді.

"Бізге Қазақстан қатты ұнады. Қазақтардың бізбен сөйлескені, қарым-қатынасы баурап алды. Бұл жерде ештеңе ойламай сабақ оқу ғана керек", – деді оқушылар.

Айта кету керек, ақпан айында ақтөбелік алты жасар бүлдіршіннің басына мұз құлап, қайтыс болған еді.

Фото -

Просмотров: 1031


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×