Правила пользования
Курс ЦБ на 29.03 USD 448.15 up -1.43
EUR 483.46 up -3.48
RUB 4.86 up 0
29 марта Пятница, 10:14
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«2017 жылы egov порталын миллион рет бұзуға тырысқан»

Дата: 22.01.18 в 12:00
Мобильная версия Шрифт

Еgov порталы арқылы қазақстандықтар экектронды үкімет қызметтерін пайдаланып жүр, деп хабарлайды Today.kz Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Алғашында азаматтар үшін аталған портал түсініксіз болғанымен, бүгінгі таңда қазақстандықтар электронды үкімет порталын еркін қолдана алады. 2017 жылы электронды үкімет порталына миллионға жуық хакерлік шабуыл жасалған.

Жалпы электронды үкімет порталы азаматтарға түсінікті болуы үшін үнемі жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қоса, порталды бұзғысы келетін кибершабуылшылар да көп екен. 

"Бізге үнемі шабуыл жасалады, бірақ біз үнемі қауіп-қатерлердің алдын алып, оларға жол бермейміз. Біз мониторинг жүргізіп, барлық жағдайды қадағалап отыратын Security operations center ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы қарамағында Қазақстан бойынша 16 деректер орталығы қызмет көрсетеді, онда тәулік бойы кибершабуылдарды талдау және зерттеумен айналысатын сарапшылар жұмыс істейді", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Қасабек. 

Просмотров: 2256


Комментариев: 1
Сакен 02.02.18 в 21:39

Век информации и технологии. Цифровой Казахстан. РАдует что наши данные не попали в злые руки и остались в безопасности

О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×