Правила пользования
Курс ЦБ на 19.04 USD 447.4 up -1.49
EUR 477.55 up -0.38
RUB 4.76 up 0
19 апреля Пятница, 18:52
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Жапон техникасы рейтингте iPhone X-ті басып озып, бірінші орынға ие болды»

Дата: 21.11.17 в 12:00
Мобильная версия Шрифт

2017 жылдың үздік техникаларының тізімі жарияланды. Time түзген тізімде бірінші орынды Nintendo Switch атты жапондық ойын құрылғысы алды. Құрылғы 6,2-дюйм экранды планшет, Joy-Con геймпадынан тұрады, деп хабарлайды Today.kz

Осы жылдың үздік техникалық жаңалығы тізімінің екінші орнында iPhone X тұр. Сарапшылардың пікірінше, қолданушылардың шағымы мен бағасының қымбат болғанына қарамастан, дәл осы техника екінші орынға лайық. 

Үздік үштікті Microsoft корпорациясының Surface ноутбугі түйіндейді. Ұзақ уақытқа шыдайтын қуаты мен салтанатты дизайны осы техникаға үштіктен орын берген. 

Сарапшылар тізімнің төртінші сатысына DJI Spark мини-квадрокоптерін жайғастырған. Samsung Galaxy S8 – бесінші орында. 

2017 жылдың үздік 10 гаджетінің ішінде Super Nintendo Entertainment System (SNES) Classic ойын құрылғысы мен Amazon Echo аудиокалонкасы, Xbox One X консолі мен Apple Watch 3 ақылды сағаты және  Sony Alpha A7R III фотокамерасы бар. 

Просмотров: 957


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×