Правила пользования

«Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз?»

Дата: 18.05.17 в 14:00
Мобильная версия Шрифт
Источник: Nur.kz

Мамырдың 16-сы күні қазақ журналистикасында өзіндік із қалдырып, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Руслан Бөлебайдың туған күні өтті. Жас та болса, елдің сүйіктісіне айналып үлгерген марқұм журналист тірі болса бүгінде 32 жасқа келер еді. NUR.KZ порталы Руслан Бөлебай туралы естеліктерді назарға ұсынады.

2009 жылдың шілде айында талантты журналист Руслан Бөлебай жол апатынан көз жұмды деген ақпарат елді дүр сілкіндірді.

Небәрі 24 жасында елге танылып, халықтың сүйіктісіне айналған журналистің қазасын қазақ жұрты ауыр қабылдады.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото желідегі ашық дереккөзден алынды

Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізген Руслан Бөлебай бүгінде тірі болса 32 жасқа келер еді.

"Кең дала", "Сен болмасаң", "Жанарым", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Кешікпей келем деп ең", "Махаббатпен ойнама сен", "Іңкәрім-ай" әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.

Русланның өте еңбекқор, жастайынан көптеген істі тындырып үлгерген, ұлтжанды журналист екендігін оның әріптестері де еске алып, жылы естеліктерін жазады.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото: yvision.kz

"Алақандай ғана өмірі қалды. Алатаудай есімі қалды... "Тоғыз да қазаққа киелі сан, менің тойым да 09.09.09 жылы болады", - деп жымиғаны бар. Иә, кім біледі, бәлкім.

Шынымен де сол күнді көңіліне түйіп жүрді ме екен?!", - деп еске алған әріптесі Әлия Дәулетбек оның іске зерек, қадамы ширақ, алғанынан қайтпайтын жан болғанын айтады.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото: yvision.kz

Русланмен бірге телевизияның қазанында біте қайнасқан құрбысы Татьяна Прилепина Руслан туралы естеліктерін жариялады.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Журналист Татьяна Прилепина Русланның анасымен бірге

"Ол менімен әдейі қазақша сөйлейтін. Рахмет. Соның арқасында мен қазақша түсініп, сөйлей алатын болдым. Ешнәрсеге мұңаймай, күліп жүруді үйретті. "Таня Койши!", - дейтін ол. Мұны қалай айтатыны да есімде", - деп еске алады ол.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото: yvision.kz

"Мені КТК атты әлеммен таныстырған - марқұм досым Руслан Бөлебай. Русланмен оқушы кезімізде журналист балаларға арналған фестиваль, жиындарда кездесіп танысқан едік.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото: yvision.kz

Бірде ол телефон шалып "КТК-ға келсейші, бізге Астаналық тілші керек", - деді. Ол кезде КТК-ның қазақ тіліндегі жаңалықтары сағат 16.00-де шығатын. Не ары емес, не бері емес. Көрермен жұмыста.

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен қазақ журналисі туралы не білеміз? (фото, видео)

Фото: yvision.kz

Просмотров: 41


Комментариев: 0
Написать комментарий:
Online транслитератор - перевод текста из латиницы в кириллицу.
Напечатать что-либо русскими буквами не проблема!
Отправить комментарий        Предварительный просмотр       
Нажимая на кнопку «Отправить комментарий», вы соглашаетесь с правилами комментирования
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2017 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru