Правила пользования
Петропавловск
23°C
1 м/c
Курс ЦБ на 24.08 USD 333.32 up 0.24
EUR 392.58 up 1.08
RUR 5.64 up 0
24 августа Четверг, 10:58
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Шымкентте белгісіз біреу ломбардқа шабуыл жасап, қызметкерді атып кетті»

Дата: 11.01.17 в 17:30
Мобильная версия Шрифт

Шымкентте ломбардқа қарулы шабуыл жасалып, қызметкер әйел жарақат алды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі ісер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте белгісіз біреу ломбардқа шабуыл жасап, қызметкерді атып кетті

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Хабарламаға сәйкес, 11 қаңтар күні 9 сағат 35 минут шамасында қаладағы ломбардтардың бірінің қызметкеріне белгісіз тұлға оқ жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті.

Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жедел жетіп, анықтағаны: бетіне медициналық маска және көзіне күннен қорғайтын көзілдірік таққан белгісіз тұлға қысқа ұңғылды аңшылық мылтығымен ломбардқа баса-көктеп кіріп, касса қызметкерін қорқытып алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен.

Содан соң касса қызметкеріне қарай оқ атып, көкірек тұсынан жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші алған оқ жарақатынан Шымкент қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы ауыр екенін айтуда.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп – тексеру тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің екі бабымен: 24-99 "Қарақшылық жолмен адам өлтіруге оқталу" және 287 "Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру" қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция күдікті тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында барлық тиісті шараларды іске асыруда.

Просмотров: 35


Комментариев: 0
Написать комментарий:
Online транслитератор - перевод текста из латиницы в кириллицу.
Напечатать что-либо русскими буквами не проблема!
Отправить комментарий        Предварительный просмотр       
Нажимая на кнопку «Отправить комментарий», вы соглашаетесь с правилами комментирования
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2017 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru