Правила пользования

«Қостанайда жауған жаңбырдың егінге пайдасы зор»

Дата: 13.06.16 в 14:31
Мобильная версия Шрифт

Екі күннен бері Қостанайда жаңбыр толассыз жауып тұр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне қарағанда мұның егінге пайдасы тимесе, ешқандай зияны жоқ.

Осының алдында Жанкелдин (24 мм), Аманкелді (22) Жітіқара (25), Қамысты (21), Денисов (23) аудандарында жаңбыр жауған еді. Енді желдің бағыты өзгеріп, нөсер облыстың солтүстік-орталық бөлігіне ауысқан. Ең көбі — Қарасу ауданында екі күн  бойы жерге  91 мм ылғал түскен. Топыраққа сіңген ылғалдың мөлшері Қарабалықта-44 мм, Қостанай ауданында – 45 мм, Меңдіқарада-76 мм, Сарыкөлде-74 мм, Таранда-72 мм, Ұзынкөлде-56 мм, Федоров ауданында-36 мм-ге жетті. -Бұдан еш қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, егіннің бітік шығуына себі тиеді. Тек, енді күннің көзі ашылса болды, — дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі Сәлімжан Есенаманов.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.

Просмотров: 68


Комментариев: 0
Праздникиbur_grey_up
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2018 «Информ Вест»
Рейтинг@Mail.ru