Правила пользования
Курс ЦБ на 23.04 USD 445.66 up -0.83
EUR 474.58 up -0.8
RUB 4.78 up -0.01
23 апреля Вторник, 17:24
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«4G байланысы еліміздің облыс орталықтарын биыл толықтай қамтиды»

Дата: 22.04.16 в 12:21
Мобильная версия Шрифт

Осы жазда Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторлары байланыстың 4G стандарттағы төртінші буынымен барлық облыс орталықтарын қамтиды. Жылдың соңына дейін елдің біраз қаласын қамту көзделіп отыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Елімізде кеңжолақты мобильді интернет абоненттерінің саны 6,8 миллионнан 10 млн абонентке дейін артты. Үшінші буын желісі қазірдің өзінде Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталығы мен халқының саны 10 мыңнан астам елді мекенде жұмыс істейді.

Бұл жөнінде Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау комитетінің отырысында ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің жұмысы бойынша аудиттің қорытындысын шығару кезінде Сәкен Сәрсенов арнайы тоқталды.

«4G желісі халқының саны 50 мыңнан асатын елді мекендерге өрісін жайған. Сонымен қатар, радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен барлық ұялы байланыс операторына ұялы байланыстың 4G стандартындағы төртінші буынын ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Осы жылдың жазында барлық ұялы байланыс операторы 4G желісімен күллі облыс орталықтарын қамтитын болса, жылдың соңына дейін қалалардың көпшілігін қамтимыз», – дейді С.Сәрсенов.

Айта кетейік, 4G желісіне тіркелген абоненттердің саны 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 770 мыңға жеткен.

Просмотров: 769


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×