Правила пользования
Курс ЦБ на 18.04 USD 448.89 up 0.08
EUR 477.93 up 1.11
RUB 4.76 up -0.01
18 апреля Четверг, 08:18
восход заход
05:04 21:50 01:58 12:30

«Аэроғарыш саласының болашақ мамандары Самарада оқиды»

Дата: 01.03.16 в 18:01
Мобильная версия Шрифт

Қазақстан жаңалықтары АА. Самара Поволжьяның ірі қалаларының бірі. Ресейде де одан тысқары жерлерде де Академик С.П.Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университеттің көп жылдық табысты еңбегінің есебінен аэроғарыштық сала мамандарын дайындау орталығы ретінде үлкен танымалдылыққа ие болды. 2015 жылдың аяғында жоғары оқу орнына өзінің студенттерімен, оқытушыларымен және дайындық бағыттарымен бірге классикалық Самара мемлекеттік университеті қосылған болатын. Бірлескен жоғары оқу орнының магистратурасы мен аспирантурасына бүгінгі таңда кімдер түседі, олардың көздеген мақсаттары қандай? Көкейді кернеген осы сұрақтарға жауап алу үшін РИА Новости тілшісі Самара университетінің қабылдау комиссиясының басшысы Сергей Горяиновпен сұхбаттасқан болатын.

— Сергей Борисович, өзгермелі өмірдегі уақыт талабы тарапынан болып жатқан жедел өзгерістерге ілесу үшін көптеген ресейлік жоғары оқу орындарына өз жұмыстарын қайта құруға тура келіп отыр. Сіздердің ойыңызша түлектеріңіз жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие ме?

— Ондай проблеманы әзірге көре қойған жоқпын. Кәсіпорындар тарапынан техникалық сала мамандарына деген сұраныс біз қанағаттандыра алатын көлемге қарағанда айтарлықтай жоғары. Қарап отырсаңыз, бүгінгі таңда барлық жерде, яғни ірі компанияларда да, зауыттарда да инженерлерге, программистерге, технологтарға қажеттілік аса жоғары. Оларға деген қажеттілік шынымен аса жоғары.

Бір жағынан, жас мамандарға арналған жағдайлар көзқарасы тұрғысынан алғанда компанияның компаниядан айырмашылығы бар. Олардың көпшілігі инженерлерге жоғары оқу орнының оқытушысы деңгейінде еңбекақы төлей алмайды. Бірақ енді ол біздің қолымызда тұрмаған басқа мәселе. Біздің міндетіміз – сұранысқа ие және өздерінің қайда және немен айналысатынын таңдай алатын білікті мамандарды даярлау.

— Самара университетінің магистратурасы мен аспирантурасы туралы айтып өтсеңіз?

— Көптеген жылдар бойы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университетінің дайындық бағыты техникалық мамандықтармен – техникамен, технологиямен, ІТ-саламен, авиациямен және ғарышкерлікпен байланысты болды. Самара мемлекеттік университетімен қосылғаннан кейін біздің мүмкіндігіміз кеңейіп, экономикамен, мемлекеттік муниципиалдық басқарумен, психологиямен, филологиямен байланыстырылған көптеген мамандықтарды дайындауға мүмкіндік алдық.

— Сіздердің университеттеріңіздің магистратурасына кімдер түседі, олардың көздеген мақсаттары қандай?

— Әрине, ең алдымен неғұрлым сапалы білім алғысы келетіндер түседі. Салыстырмалы түрде қарасақ, бүгінгі таңда бакалавриат өте қолайлы. Яғни, студент білімнің қандай да бір классикалық жинағын қай жерде болсын ала алады. Бірақ магистратура неғұрлым арнайы дайындықты ұсынады және білімді студент бітіргеннен кейін өзі жұмысқа баратын жұмыс берушімен жақсы қарым-қатынас орнатылған жерде алған дұрыс болады.

Бізде тура осылай, техникалық мамандықтар бойынша магистратура көп жағдайда кәсіпорындармен байланыстырылған. Көптеген компаниялар магистранттарды өздерінің базаларында оқытады. Олардың арасында спутниктерге арналған екпінді блоктарды әзірлеумен айналысатын «Прогресс» РҒБ бар. Кәсіпорындардың практикалық міндеттеріне етене араласып білім алу біздің бітірушілерімізге жұмысқа орналасулары кезінде көп артықшылықтар береді.

Жұмыс берушілердің көзқарастары бойынша университетіміз Ресейде көшбасшы орында. Абитуриентер мен бакалаврлардың бізге магистратураға түсетін себептерінің бірі міне, осы. Айта кету керек соңғы екі жылда (қосылғанға дейін) магистратурадағы бюджеттік орын екі есеге көбейді. Әрине, косылғаннан кейін бұл көлем тағы да үштен біріне ұлғайды.

— Ал Сіздердің магистратураларыңызға басқа жоғары оқу орындарының бакалавриат бітірушілері түседі ме?

— Бакалавриатқа астаналық қала тұрғындарының келе қоюы екіталай. Ал бірақ магистратураны өздірінің қызығушылықтары бойынша саналы түрде таңдайтын болғандықтан соңғы жылдары басқа жоғары оқу орындарынан келетін магистранттар көлемі ұлғайды.

Осыдан екі жыл бұрын магистратураға толықтай өзімізді бітірушілерден ғана жиналса, қазір басқа жоғары оқу орындарының, оның ішінде мәскеулік, санкт-петербургтік оқу орындарының студенттерінің үлесі артып келеді.

Студенттер бізге, Самараға мақсатты түрде келеді. Мысалы, санкт-петербургтік техникалық жоғары оқу орнын бітірген студент қыз оптика бойынша магистратурада оқу үшін бізді қалаған. Не үшін дейсіз? Өйткені ол осы жерден өзінің болашақ ғылыми іс-әрекеті үшін артықшылықты көрген. Үлкен үмітпен келген ол құжаттарын тапсырды, біз – қабылдадық. Мұндай жағдайлар көптеп кездеседі.

— Ал аспирантураға не үшін түседі?

— Аспирантураға негізінен ғылыми немесе оқытушылық іс-әрекетпен айналысуға шешім қабылдағандар барады. Өйткені аспирантура мықты ғылыми дайындық береді. Біздің аспирантурамыздың бітірушілері университетімізде оқытушылыққа қалады немесе СМУ жанындағы шағын кәсіпорындарда зерттеушілік жұмыстармен айналысады.

— Соңғы жиырма жылда жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіпорын қызметкерлеріне қарағанда материалдық жағдайлары нашар деген пікір қалыптасып қалған. Сіздердің жоғары оқу орындарыңызда бұл жағдай қалай?

— Бұл мәселенің бізге қандай да бір қатысы бар деп айта алмас едім. Егер өзіңнің қалауың болса, ғылыммен айналысып, тақырыптарыңды дамытып, оны жариялап отырсаң әрине, айтарлықтай жақсы ақша табуға болады. Қазір көптеген ресейлік және шет елдік гранттардың біршама айтарлықтай көлемі бар. Менің көзқарасым бойынша біздің салада кәсіпорында жұмыс жасағаннан көрі ғылыммен айналысқан көп тиімді.

Сонымен қатар бізге, аспирантураға түсу үшін кәсіпорындардың өздерінен келетіндер қаншама. "Прогресс" РҒБ қызметкерлері арасынан елуге тарта аспирант түсті деуге болады. Ғылыми атағын алғаннан кейін олар кәсіпорында жоғары лауазымдарға ие болады.

Тіпті мансаптық өсуді айтпағанда, аспиратура маманға өзінің білімі мен күшіне деген үлкен сенімділік береді. Ол – жетістікке жетудің бірден-бір жолы.

— Аспиранттар ғылыми жұмысты диссертация қорғауға дейін жеткізуге қаншалықты құштар?

— Әрине, көп жағдайда бұл ғылыми жетекші мен аспираттың өзінің құштарлығына байланысты. Егер ол өзекті тақырып бойынша маңызды ұжымдық жұмысқа қосылған болса, оның құштарлығы да жоғары. Ал егер ол аспирантурада «оны әйтеуір бітіру» үшін оқып жатқан болса, бұл категориядағылардың көпшілігі қорғауға дейін жетпейді. Бірақ көпшілігі қорғайды.

Соңғы жылдары диссертациялар да қызықтырақ болса түсті, тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда кәсіпорындардың ғылыми әзірлемеге деген сұраныстары айтарлықтай артты.

Бұл ең алдымен технологиялық, авиациялық, ғарыштық бағыттарға және ІТ-салаға қатысты, бірақ калссикалық бағыт бойынша да даму жүріп жатыр.

newskaz.kz

Просмотров: 922


Комментариев: 0
О компании О проекте Источники новостей Предложить ленту Реклама на сайте Реклама в газете Контакты Наши партнеры
Портал ivest.kz - база частных объявлений газеты «Информ Вест», справочник предприятий городов Казахстана и России, новости, недвижимость, электронные версии ряда изданий, сборник кулинарных рецептов. Все замечания и предложения принимаются на info@ivest.kz.
Использование данного веб-портала подразумевает ваше согласие с Правилами пользования.
© 2000-2024 «Информ Вест»
Top.Mail.Ru
×